Денсаулық

Нұр-Сұлтанда коронавирус табылған науқастың бірі - шетел дипломаты

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

22 наурызда Нұр-Сұлтанда коронавирус табылған екі науқастың бірі - шетел дипломаты. Бұл туралы министрліктің ресми өкіліне сілтеме жасаған жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

 

"Біреуі шетел азаматы - 1976 жылғы дипломат, Нұр-Сұлтанда жұмыс істейді. Бүгін түнде Лондоннан ұшып келген. Екіншісі 1970 жылғы Қазақстан азаматы. Екеуі де стационарда жатыр, жағдайы орташа" деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

 

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне сүйенген Tengrinews агенттігі түске қарай екінші науқас - Қазақстан азаматының жағдайы ауыр екенін хабарлады.

 

"Ол пневмонияға шалдықты деген күдікпен стационарда бокста жатқан. Диагностика кезінде коронавирус инфекциясы бары анықталды. Науқаста температура жоқ, бірақ жағдайы ауыр. Пневмония, бірінші дәрежедегі тыныс алу жетіспеушілігі. Салааралық топтың консилиумы тағайындалды" деді Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәуле Қисықова.

 

22 наурызда Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 56-ға жетті. Алматыда - 22 адам, Нұр-Сұлтанда - 31 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам емделіп жатыр.

 

azattyq.org

 




Көрілген: 237    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.03.2020, 15:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31