Денсаулық

Нұр-Сұлтанда тағы 14 адамнан коронавирус табылды

  • © Sputnik / Илья Питалев

    © Sputnik / Илья Питалев

Нұр-Сұлтан қаласында 14 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Алматыда бүгін таңертең тағы 3 науқас тіркелгені туралы хабарлаған едік. Енді Нұр-Сұлтан қаласында жаңа 14 науқас тіркелді. Ол науқастар барлық карантиндік тәртіп бойынша карантинге жатқызылды. Олармен байланыста болған азаматтар анықталды, оларды оқшаулап, карантинге жатқызу жұмыстары жүргізіліп жатыр ", - деді министр.

 

Біртановтың айтуынша, қызметкерлер эпидемиологиялық стандарттар бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

 

"Бүгін бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енді. Қаулы бойынша қосымша бірнеше мемлекетпен санитарлық режим күшейтілді. 1"А" санатындағы елден келген бүкіл азамат карантинге жатқызылады. Оған Франция, Иран, Италия, Испания және Германия кіреді. 1"Б" санатындағы Қытай, Кореядан келген азаматтар міндетті түрде үй жағдайындағы карантинге алынады. 1"А" және 1"Б" санаттағы мемлекеттердің азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынған", - деді министр.

 

Осылайша Қазақстанда барлығы 27 адам коронавирус жұқтырды, оның он алтысы – Нұр-Сұлтанда, он бірі – Алматыда.

 

 

 




Көрілген: 215    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.03.2020, 14:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30