Денсаулық

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері үндеу жасады

  • © Photo : Қала әкімдігінің сайты

    © Photo : Қала әкімдігінің сайты

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова неліктен жұмыс істейтін адамдар вакцина салдыру қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

 

"11 маусымнан бастап коронавирусқа шалдығу көрсеткіші өсті. Соңғы аптада бір күнде тіркелетіндердің саны 350-ден 620 адамға дейін көбейді", - деді Бейсенова бүгінгі онлайн брифингте.

 

Оның айтуынша, 20-39 жастағы қала тұрғындары коронавирусты жиі жұқтыра бастаған. Олардың басым бөлігі – жұмыс істейтін адамдар.

 

"Дәл осы топта 11 маусымнан бастап инфекцияны жұқтыру көрсеткіші 37,3 проценттен 40,9 процентке дейін өсіп отыр. Сондай-ақ 50-59 жастағы адамдар арасында коронавирусқа шалдығу жағдайлары екі есеге көбейіп кеткен", - деп атап өтті бас санитар.

 

Осы орайда бас санитар дәрігер қала тұрғындарын вакцина салдыруға шақырып, қолға алынған шараларға түсіністікпен қарауды сұрады. 

 

"Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары, осы уақытқа дейін біз вакцина қабылдау әркімнің жеке шешімі, әркім өз денсаулығына жауапты деп есептедік. Бұл шынымен де солай. Бірақ сіз үйден шығып, жұмысқа келгенше және басқа адамдармен байланысқа түскенге дейін солай болады. Статистика көрсеткендей, қазір індетке шалдыққандардың басым көпшілігі – жұмыс істейтін адамдар. Олар қоғамдық көлікті белсенді пайдаланады және адамдар көп жиналатын жерлерге жиі барады. Дәл осы жұмыс істейтін адамдар арасында коронавирусты жұқтыру көрсеткіші өсіп отыр. Сондықтан ағзаны сенімді түрде қорғау қажет. Ол – вакцина салдыру", - деді Бейсенова.

 

Бас санитар жаппай вакцина салу арқылы ауруды тоқтатып, адам өлімін болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек деп есептейді. Сондықтан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.

 

 

 




Көрілген: 712    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.06.2021, 18:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30