Денсаулық

Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері халыққа үндеу жасады

  • Фото:  kz.media

    Фото: kz.media

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Бүкіл әлемде COVID-19 эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру үшін қажетті шаралар қабылдануда, оның ішінде халық арасында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру бар. Ұжымдық иммунитеттің оңтайлы деңгейіне қол жеткізу үшін қала халқының кемінде 60%-ын COVID-19-ға қарсы вакцинамен қамту қажет. Бүгінгі таңда өзін-өзі оқшаулау және басқа да шектеу шараларының балама шешімі – вакциналау болып отыр», - деді Сархат Бейсенова елорда әкімдігінің брифингінде.

 

Спикердің айтуынша, елорда тұрғындарының 14,3%-ы COVID-19-ға қарсы вакцинаның бір дозасын алған.

 

«Демек, біз жаппай иммунитетке қол жеткізуге біртабан жақындап, COVID-19-ды жеңудеміз. Біз вакцинаны қала тұрғындарына қолжетімді ету үшін бәрін жасап жатырмыз. Осы орайда, мен баршаңыздан бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктерімізді сақтап, жаңа қалыпты жағдайға оралу үшін вакцина алуға шақырамын. Сондай-ақ, тұрғындардан бұқаралық іс-шараларға, акцияларға және ұтыс ойындарына қатыспауларыңызды өтінемін. Мұндай шараларды тек онлайн режимінде ұйымдастыруыңызды сұраймыз, өйткені қала бұрынғысынша қызыл аймақта орналасқан», - дейді С. Бейсенова.

 

Айта кетейік, мамыр айының басымен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққандағы апталық сырқаттану көрсеткіші 210-нан 110-ға дейін төмендеді.

 

Бір аптада СOVID-19 бойынша 1315 жағдай тіркелді, сырқаттану көрсеткіші алдыңғы аптадан 18%-ға төмен.

 

9 маусымдағы жағдай бойынша елорда халқының 9,4% немесе 111 683 адам екі компонентті толық алды.

 

Бірінші компонентпен 169 632 адам немесе 14,3% қамтылған.

 

 

 




Көрілген: 455    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.06.2021, 13:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31