Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

23 ақпан 2022, 01:03

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулыға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформалар арқылы (мысалы, EGOV mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажет.

Бұдан басқа, қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық аспан астында болған кезде (бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылданған кезде) бетперде тағу, арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.

Қала тұрғындары арасында вакциналау және ревакциналау жүргізілген-жүргізілбегендігі қатаң бақыланып, талаптар күшейтілетін болады.

Қаулының толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.

aikyn.kz