Денсаулық

Өкпесінің 50 пайызы зақымданған алматылықты аурухана қабылдамады: Басқарма түсінік берді

  • https://www.bashinform.ru/

    https://www.bashinform.ru/

Өкпесінің 50% - зақымданған алматылық әйелді қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы жатқызудан бас тартқан. Бұл туралы тұрғын әлеуметтік желіде жариялады. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматылық әйелдің шағымы әлеуметтік желіде жарияланды .

 

«Бұл жұқпалы аурулар ауруханасы. Мені ауруханаға жедел жәрдем көлігімен алып келді, бірақ олар мені қабылдаудан бас тартты, себебі өкпенің 50% -ы зақымданған және жоғары температурада ауруханаға жатқызу туралы нұсқау жоқ», - деп жазды автор.

 

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметі науқасты И. С. Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы алып келген. Және оны дәрігерлер тексерген.

 

«Қорытындыға сәйкес: өкпенің зақымдануы аса ауыр емес, жағдайы күрделі болмағандықтан оны алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлері қашықтан бақылайды», - деп жауап берді басқармадағылар.

 




Көрілген: 687    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 17:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30