Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Омикрон штаммы әлемнің 110 елінен анықталды

24 желтоқсан 2021, 22:12

Омикрон штамы әлемнің 110 елінде анықталды. Бұл туралы ДДСҰ жұмада таратқан COVID-19-дың жаңа нұсқасы туралы жаңарған мәліметте көрсетілген. Ол "дельтаға" қарағанда тез таралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"22 желтоқсандағы жағдай бойынша, ДДСҰ-ның барлық алты аймағындағы 110 елде омикрон анықталды", - делінген хабарламада.

Деректер омикрон "дельта" штамына қарағанда әлдеқайда жылдам таралатынын және салдары жеңіл болуы мүмкін екенін көрсетеді. Дегенмен, вакциналар немесе бұрын вирус жұқтырып жазылғаны қаншалықты ауруға ықпал ететіні әлі белгісіз.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметі бойынша, Қазақстанда омикрон штамы табылған жоқ.

Tengrinews.kz.