«Омикрон» штамы дәріні сынақтан өткізу салдарынан пайда болуы мүмкін бе?

18 желтоқсан 2021, 16:01

Әлемді дүр сілкіндірген коронавирус инфекциясының «омикрон» штамы «дельта» нұсқасын емдеуге арналған дәрілерді сынақтан өткізу салдарынан пайда болуы ықтималдылығы айтылып жүр. Алайда олай болу мүмкіндігі өте аз деп жазады Lenta.ru.
 
Мамандар COVID-19-дың жаңа штамының пайда болуы үшін адамның қатысуынсыз мутацияға ұшырауы жеткілікті деп отыр. Себебі вирус ағзаға түскен соң организмде ұзақ уақыт болу қабілеті жоғары.

Сонымен қатар дәл осы «омикрон» штамының мутацияға көп ұшырауына вирустың адамнан тышқанға және одан қайтадан адамға жұғуы да әсер етуі мүмкін.

Коронавирустың S-нәруызы тышқандардың рецепторына жақсы бейімделіп алғаны соншалық, адам организміне де ыңғайланып алды, - дейді ғалымдар.
«Омикрон» штамы алғаш рет Оңтүстік Африка Республикасында таралғаны белгілі. Алайда  соңғы күндері ауру жұқтырып, ауруханаға түскендер саны азайып келеді. Алдын ала деректерге сәйкес, оңтүстікафрикалық дәрігерлер вирустың жаңа нұсқасы «дельта» нұсқасына қарағанда жеңілдеу өтеді, бірақ жылдам таралады деген мәлімдеме жасады.
#дәрі #штамм #омикрон
BAQ.KZ