Денсаулық

"Омикрон" штамы туралы алғаш хабарлаған дәрігер жаңа симптомдарды айтты

  • "Омикрон" штамы туралы алғаш хабарлаған дәрігер жаңа симптомдарды айтты

Оңтүстік Африка Республикасының дәрігері Анжелик Күтзее коронавирустың "омикрон" деген жаңа штамын жұқтырған науқастар туралы алғаш болып хабарлаған. Ол The Telegraph басылымына ауру симптомдары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОАР медициналық қауымдастығының жетекшісі жаңа штамм белгілері бастапқы кезеңде коронавирустың әдеттегі белгілерінен өзгеше және жеңіл болып көрінетінін атап өтті.

Дәрігердің айтуынша, патоген қайтадан мутацияға ұшырады деген күдік COVID-19-дың ерекше белгілері бар науқастардың ауруханаға жиі түсуіне байланысты пайда болған. Сонымен, науқастардың арасында қатты шаршау сезіміне шағымданған жастар, сондай-ақ жүрек соғу жылдамдығы мен жоғары температурасы бар алты жасар балада жаңа симптомдар байқалған. Алайда пациенттердің ешқайсында дәм мен иіс жоғалмапты.

"Оның белгілері (жаңа штамм симптомдары туралы айтып отыр - авт.) бұрынғы белгілерден мүлдем өзгеше және жеңіл көрінді", - дейді Кутзее.

Оның айтуынша, он шақты адамнан коронавирустың жаңа штамы тест арқылы анықталған. Бұл негізінен қатты шаршауға шағымданған сау ер адамдар. Олардың жартысына жуығы вакцина салдырмаған.

Дәрігер вакцина салдырмаған азаматтарда, сондай-ақ қарттар мен созылмалы аурулары бар адамдарда ауруды өткеру ауыр болатынын айтып ескертті.

Бұған дейін Ұлыбританияның бас санитария дәрігері Крис Уитти мен Оксфорд университетінің профессоры Джон Белл коронавирустың жаңа штамының аса қауіпті екеніне күмән келтірген болатын.

Ал Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы доктор Шарон Эльрои-Прайс, соңғы мәліметтер бойынша, "омикрон" штамын жұқтырған адамдар, егер олар вакцина салдырған болса, ауруды жеңіл өткереді деп мәлімдеді.




Көрілген: 1003    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.11.2021, 10:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31