Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша "Стелс-Омикрон" нұсқасы қазір барлық анықталған инфекцияның 86 пайызын құрап отыр. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшіcі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
"Жасырын омикрон" туралы не білу қажет:
* Өте жылдам жұғады.
* COVID-19 вирусының ВА.2 түрі бұған дейінгі BA.1 мен BA.1.1 нұсқаларына қарағанда жұқпалы болып келеді, алайда қазіргі кездегі нәтижелер жаңа нұсқаның күрделілігі "омикронмен" бірдей екенін көрсетті.
* Вакцинаның үдеткіш дозалары жаңа штамнан қорғайды. Вакциналардың BA.2-ге қарсы тиімділігі төмен.
Алайда Ұлыбританияның Денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігінің мәліметінше, ағзаның қорғаныс деңгейі үдеткіш вакцина арқылы қалпына келеді. Бұл әсіресе ауруханаға жатқызу және өлім жағдайларының көрсеткіштерінде айқын байқалады.
Вакцина алғандардың арасында өлім-жітім мен ауруханаға жатқандар аз.
Ғалымдардың сөзінше, жақында BA.2 ауруының өсуі ықтимал. Себебі аурудың күрт тарауы көптеген елдің маска режимін және басқа да антиковидтік шараларды алып тастауымен қатар келіп отыр.