"Омикрон тек вакцина алғандарға жұғады": желіде жаңа штамға қатысты ақпарат тарады

13 желтоқсан 2021, 22:17

Ұлыбританияда жүргізілген зерттеу көрсеткендей, COVID-19 қарсы вакцинаның екі дозасы "дельта" және "омикрон" штамына қарсы аса тиімді емес

Қазнетте коронавирустың жаңа "омикрон" штамы вакцина алған адамдарға ғана жұғатыны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) порталында жарияланған. 

Алайда мақалада оның тек COVID-19-ға қарсы вакцинацияланғандарға ғана жұғатыны айтылмаған, деп жазды stopfake.kz.

Ұлыбританияда жүргізілген зерттеу көрсеткендей, COVID-19 қарсы вакцинаның екі дозасы "дельта" және "омикрон" штамына қарсы аса тиімді емес, бірақ бұл вакцина алғандар осы штамды жұқтырады дегенді білдірмейді. Сондай-ақ, зерттеуде вакцинаның үшінші үдеткіш дозасы вирус жұқтырған сынаққа қатысушылардың 75%-ін қандай да бір белгілердің болуынан қорғады.

Бұл тұжырымдар Pfizer компаниясы жүргізген зертханалық зерттеулермен расталады. Компанияның ресми сайтында жарияланған нәтижелер "омикрон" нұсқасынан тиімді қорғану үшін вакцинаның үш дозасы қажет болғанына қарамастан, препараттың екі дозасы аурудың ауыр ағымынан қорғай алатынын көрсеткен.

Осы сияқты тағы бір фейкте пайдаланушылар осы жылдың 10 желтоқсанында Reuters порталында жарияланған материалға сүйенеді. Оған сәйкес, АҚШ-тағы омикрон нұсқасын жұқтырудың 43 жағдайының 34-і толық вакцинацияланған адамдар құрайды. Алайда, материалда ауру жұқтырғандардың ішінде 14 адам халықаралық сапарларға шыққандығы айтылған.

Сондай-ақ, мақалада вакцинацияға қарамастан вирус жұқтырғандардың бәрі жеңіл ауырғаны және шаршау, жөтел және жоғары емес температура сияқты белгілердің болғаны көрсетілген. Ауру жұқтырған 43 адамның біреуі ғана ауруханаға жатқызылды, бірақ мақала авторлары оның екпе салдырған-салдырмағанын нақтыламайды.

Сонымен қатар, материалда науқастардың ішінде алтауы бұрын COVID-19-бен ауырғаны айтылған. Демек, ауыру нәтижесінде қалыптасқан иммунитет осы нұсқаға қарсы аса қорғамайды.

Ғалымдар вакцинацина алғанына қарамастан вирус жұқтыру "омикрон" штамының көптеген мутацияларына байланысты екенін анықтады.

sputnik.kz