Денсаулық

Өнер адамдары қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды

  • Өнер адамдары қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды

    Өнер адамдары қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері отандастарын COVID-19 екпесін алуға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың пікірінше, жаппай вакциналау арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасқанда ғана пандемияны жеңеміз.

Өнер иелері вакцинадан кейін өздерін жақсы сезінетіндерін айтты.

«Біз қазір вакцинаның арқасында коронавирустан қорғануға болатынын білеміз. Мен барлық қала тұрғындарын вакцина алуға шақырамын. Мысалы, Израильде халықтың 95%-ы вакцина алды. Қазір бұл ел бетпердесіз жүр. Неге біз олардан үлгі алмаймыз. Мен адамдардың шаршағанын көремін. Егер біз бәріміз вакцина алатын болсақ, онда ол аяқталады», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мұқасан Шахзадаев.

Қарагөз Сүлейменованың айтуынша, вакцина – қатерлі індетті жоюдың жалғыз жолы.

« Індет кезінде көптеген адам қайтыс болды. Дәрі-дәрмектер жеткіліксіз болды. Ал қазір бізде өз вакцинамыз бар, сондай-ақ таңдау үшін бірнеше тиімді түрлері шықты.

Вакцина – қатерлі індетті жоюдың жалғыз жолы», – деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова. Вакцина алғандардың арасында Роза Рымбаева, Жан Байжанов, Ермахан Ибрагимов, Ольга Шишигина, Мүслім Жылқыбаев, Ризат Махашев, Лев Черепанов, Әли Оқапов, Баян Алагөзова, Диас Аблаев, Ержан Мұхатаев және тағы басқалары бар.

Еске салсақ, тұрғындар вакцинаны кез келген пункттен ала алады. Қала бойынша 211 екпе пункті бар. Олар емханаларда, сауда орталықтарында, базарларда, мектептерде, мәдениет нысандарында орналасқан және күн сайын демалыссыз таңғы 8-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Жалпы, Алматыда вакцина алған қала тұрғындарының саны 329 мыңнан асты.




Көрілген: 947    Пікірлер: 0

сенбі, 12.06.2021, 14:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31