Өскемен тұрғыны 30 жылдан бері қыста жазғы киіммен жүреді

16 наурыз 2021, 10:04

Өскеменнің 79 жастағы тұрғыны Анатолий Зиновьев 30 жылдан бері қыста далада жеңсіз көйлек пен жазғы аяқ киіммен жүреді. Бұл туралы YK-news.kz порталының мақаласында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зейнеткер бұрын басқалар сияқты ол да ауа райына сай киінгенін, бірақ оның өмірін бір оқиға бірден өзгерткенін айтады.

"Көптеген жыл бұрын жұмысымда күйзеліс салдарынан белім ауыра бастады (мен қатты қобалжыдым), жалпы сөзбен айтқанда, белім қарысып қалды. Қатты ауырып, көзім қараңғыланып кететін. Бұл ауру шынығу жаттығуларын бастауға түрткі болды. Бұл қорқынышты ауру болмаса, мен Порфирий Иванов жүйесі бойынша жаттығуды ешқашан бастамас па едім", - дейді мойындады.
 
 Ер адам оған укол салынғанын, белін созу үшін ауруханаға барғанын еске алды. Кейін ол Белокурихаға радон көздеріне барып, шыныға бастаған.

"Дәстүрлі ем маған біраз уақыт көмектесті, кейін қайтадан ауыра бастады. Сондықтан дәстүрлі әдістерге көштім, қазір белім ауырмайды", - дейді Анатолий Михайлович.
Зейнеткер күніне екі рет үстіне салқын су құяды, диета ұстайды, салауатты өмір салтын жүргізеді және өзі секілді адамдарды іздейді.

Сондай-ақ, зейнеткер көшеде тоңатынын мойындады. "Тоңамын, бірақ шыдаймын. Порфирий Корнеевич те қалың киім киген адамдардан 10 есе қатты тоңатынын айтқан", - дейді ол.

Бұрын ер адам 30 градус суықта қалың киімсіз жүре беретін, қазір қартайғанына байланысты минус 15 градусқа дейін ғана күртке кимейді. 

"Суыққа шыдап, салауатты өмір салтын ұстану керек, бірақ бұл бәрінің қолынан келе бермейді. Мұнда шекараны сезіну керек. Мен ағзамды екі рет сынап көрдім. Минус 25 градус кезінде жылы бөлмеге кірмей, екі сағат бойы далада жүрдім, кейін, әрине, салқын тиіп, ауырып қалдым. Есесіне түсінгенім де бар. 15 градус аязға дейін мен уақытты да есептемей жүре беремін", - деді Анатолий Михайлович.
Қала тұрғындары мен полиция қыста жейдемен жүрген зейнеткерді көргенде әртүрлі қабылдайды. Бірі камераға түсіріп, бірге суретке түсуді сұрайды, ал кейбірі зейнеткерді тонап, қалың киімін алып кеткен деп ойлап, оған көмектесуге тырысады.

"Бірде автобуста адамдар сыбырласып жатқанын естідім, мені ауру дегендей айтып жатты. Трамвайда әзілдеген кезім де есімде. Бірде бір ерлі-зайыпты қасыма келіп, неге осылай жүргенімді сұрады. Мен оларға зейнетақы аз екенін айттым. Бастапқы жылдары мені полиция тоқтатып, жеке куәлігімді сұрайтын, қазір олармен танысып алдым", - дейді зейнеткер.