Денсаулық

Отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеудің үшінші кезеңі өтіп жатыр

  • https://old.qazaqtv.com/

    https://old.qazaqtv.com/

Жамбыл облысының Қордай ауданында орналасқан биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында (БҚПҒЗИ) әзірленген коронавирустық инфекцияға қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеудің үшінші кезеңі өтуде.

 

26 желтоқсан күні аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында болып, дәрігерлермен вакцинация барысын талқылады.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев еріктілерге вакцина егу жүргізіліп жатқанын жеткізді. Олардың денсаулықтары толығымен жақсы, аурудың созылмалы түрлері және аллергиялық реакциялары болмауы керек.

 

«Он күн ішінде мың жамбылдықты вакцинамен қамту жоспарлануда. Еріктілермен келісімшар жасалынады. Инъекциядан кейін субъектілердің антиденелері мен иммунитеті тексерістен өтеді. Бірінші және екінші кезең барысында 244 қазақстандық тестілеуге тартылды десек, олардың барлығында сәтті өтті. Жағымсыз реакциялар немесе асқынулар байқалған жоқ», - деді ол.

 

Бердібек Сапарбаев вакцинацияға келіскен еріктілерді әңгімеге тартты. Олар өздерін жақсы сезінетіндерін және туыстарын да вакцинациялау үшін әкелгісі келетіндерін жеткізді.

 

«Вакцина &ndash халықты әртүрлі аурулардан қорғаудың ең тиімді әдістерінің бірі болып қала береді. Біздің отандық вакцина коронавирустың таралуын тоқтатуға көмектеседі», - деді облыс әкімі.

 

Дәрігерлермен әңгіме барысында Бердібек Сапарбаев вакцинация пандемияны еңсерудің маңызды қадамы екенін атап өтті.

 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қордай ауданында түрлі вакциналар, оның ішінде Сovid-19-ға қарсы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыт салынып жатқаны баршаға мәлім. Сондықтан дәл осы зерттеулер біздің облысымызда жүргізілуде. Клиникалық сынақтар өндірісті мүмкіндігінше тез іске қосуға мүмкіндік береді. Жамбыл облысы Орта Азия аумағында алғашқылардың бірі болып қауіпті індетке қарсы өз вакцинасын шығарғалы отыр. Бұл орайда көп дүние дәрігерлерге байланысты. Сіздерге де оңай емес екенін түсінеміз. Азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығы сіздердің қолдарыңызда екенін ұмытпауларыңызды сұраймыз. Өз кезегінде облыс басшылығы да сіздер үшін барлық жағдайды жасауға тырысады», - деді аймақ басшысы дәрігерлерге.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 2125    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.12.2020, 13:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31