Денсаулық

Отандық хирург пластикалық отдан кейін адам танымастай өзгерген ару жайлы айтты

  • Отандық хирург пластикалық отдан кейін адам танымастай өзгерген ару жайлы айтты

    Отандық хирург пластикалық отдан кейін адам танымастай өзгерген ару жайлы айтты

 Нұр-Сұлтан қаласындағы тәжірибелі пластикалық хирург Әлімжан Романкулов Sputnik Қазақстан-ға берген сұқбатында пластикалық отдан кейін адам танымастай өзгерген бойжеткен туралы айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Отандық хирургтің сөзінше, жас қыз сыртқы келбетіне көңілі толмай, пластикалық ота жасатуға бел буса керек.


"Маған бір күні 24 жастағы қыз келді. Қай қалада тұратынын, аты-жөнін айта алмаймын. Ол құлағына, мұрнына, көзіне, иегіне, екі ұртына ота жасатып, бөксесін үлкейтті. Сөйтіп, ол адам танымастай өзгеріп, сұлу қызға айналды. Бұл пациентте артық салмақ болған жоқ. Бірақ, неге екені белгісіз, өз дене-бітімінен ұялатын. Ол әдемі болу үшін 5-6 миллион теңге жұмсады", - дейді дәрігер.

Әлімжан Романкулов өзіне көбінесе ота жасатуға келетіндердің 95% әйел адамдар екенін айтады. Деседе де, соңғы кездері ота жасататын ер адамдардың да саны өскен.


Нәзік жандылар көбінесе блефаропластика (қабақ пластикасы), маммопластика (омырауды үлкейту) отасын жасатса, ер адамдар отопластика, блефаропластика жасатуға жүгінеді екен.


Сұхбат барысында Әлімжан Романкулов пластикалық ота жасатқысы келетін жандарға да кеңес беріп, шешімді асықпай қабылдаған жөн екенін атап өтті.


"Кез келген операция адам өміріне қауіп төндіреді. Соған қарамастан кейде адамдар әдемі болу үшін пышақ астына түсіп жатады. Сондықтан бұл шешімді асықпай қабылдаңыз. Ал егер пластикалық ота жасатқыңыз келсе, тәжірибелі, еңбек өтілі мол хиругпен ақылдасқан жөн. Операция жасату сізге қажет пе, оның нәтижесі қандай болады - осыны анықтап алу қажет. Екіншіден, операцияға қажет барлық анализді тапсыру керек. Себебі анализдің қорытындысы білмей, адамға операция жасауға болмайды", - деп пластикалық хирург сөзін түйіндеді.


KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 529    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.07.2019, 19:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31