Денсаулық

Отандық мамандар кеңесі: Тұмаудан қалай қорғануға болады

  • Отандық мамандар кеңесі: Тұмаудан қалай қорғануға болады

    Отандық мамандар кеңесі: Тұмаудан қалай қорғануға болады


ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ЖРВИ және тұмаумен ауырып қалмау үшін не істеу керектігін айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.


 

 

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте


Тұмау жыл сайын көптеген елдерде эпидемиялық таралуға жататын жаһандық инфекция болып саналады. ДДСҰ тұмау жөніндегі сарапшыларының мәліметтері бойынша, әлемде жыл сайын эпидемия кезінде халықтың 5 – 15 пайызы ауырады.


Қазақстанда, әлемнің басқа елдеріндегідей тұмау және ЖРВИ денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі. Инфекциялық аурулардың құрылымында тіркелген инфекциялық аурулардың 90 пайызға жуығы осы инфекцияларға келеді.


Ос орайда ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары тұмаудың алдын алу мақсатында бірнеше әдістерін ұсынады. Олардың мәліметінше, тұмау мерзімі басталғанға дейінгі жыл сайынғы ең тиімді әдіс-вакцинация.


Бұл өз кезегінде аурудың ауыр түрлерін, ауруханаға түсуді, өлім-жітімді төмендетеді, тұмауды жұқтыруды азайтады. Вакцинация қауіпсіз. Вакцинациядан кейін кейбір адамдарда екпе жасаған жерде қызару және ауырсыну, бас ауыруы және бұлшықет ауыруы, азғана дене қызуы, әлсіздік ,жүрек айнуы сияқты жанама әсерлері болуы мүмкін. Бұл әсерлер тез таралады екен.


Сонымен қатар мамандар тұмаудын алдын алу мақсатында мынандай шараларды іске асыруға шақырды:


Науқас адаммен байланыста болмауға тырысу, науқастардың жанындабетперде кию, инфекция таралмауы үшін қолды сабынмен немесе антибактериалдық құралдармен жуу; жөтелгенде және түшкіргенде мұрынды және ауызды бір реттік орамалды пайдаланып жабу, көп адам жиналған жерлерде болмауға тырысу, бөлмені жиі желдетіп отыру.


Сондай-ақ, мамандар ауырып қалған жағдайда, онда басқа адамдарға жұқтырмау және қауіпті асқынуларды болдырмау мақсатында үйде болуға, өзіңізді мүмкіндік болғанша отбасының басқа мүшелерінен оқшаулануға, аурудың алғашқы белгілерінде дәрігерді шақыртуға, бір реттік орамалдарды пайдалануға, дәрумендерге бай сұйықтықтар ішуге кеңес береді.



 



 


 




Көрілген: 411    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.11.2019, 12:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30