Өткен тәулікте 212 адам коронавирус пен пневмонияға шалдықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 731 адам коронавирус инфекциясынан (–2 552+ және 179 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 472 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
8 адамның жағдайы ауыр,
5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.