Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Өзбекстанда балалар өліміне себеп болған дәрі Қазақстанда сатыла ма? - министрлік жауап берді

24 желтоқсан 2022, 20:41

Өзбекстанда балалардың өліміне себеп болған дәрі Қазақстанда тіркелмеген. Бұл туралы сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Дәрілік заттарды мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының мәліметінше, бұл - "ДОК-1 МАКС" препараты, өндіруші - Marion Biotech, Үндістан. Тіркеу мерзімі 2018 жылы аяқталған. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасында тіркелмеген. Құрамында 500 милиграмм парацетамол, 200 милиграмм гвайфенезин және 10 милиграмм фенилэфрин гидрохлориді бар", - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Министрлік, сондай-ақ, Қазақстанда осындай құрамды бір препарат Викс Актив Стоптомакс плюс сауда атауымен тіркелгенін айтты, Ұлыбритания. Бұл препарат тек ересектерге арналған. Нұсқау бойынша, 18 жасқа толмаған балаларға қолдануға болмайтынын көрсетеді. Бұл суық тиюге қарсы препараттар тобы.

"Парацетамол болғандықтан, препараттың бүйрек функциясының бұзылуына әсері бар. Сондықтан нұсқаулықта оны жиі емес, күніне 4-6 сағат сайын қабылдау керегі көрсетілген. Бауыр аурулары мен бүйрек жеткіліксіздігі барларға парацетамол қабылдауға болмайды. Бізде сатылмайды", - деді министрлік өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстанның Самарқанд облысында ЖРВИ-ге қарсы "ДОК-1 МАКС" үнділік препаратын қабылдағаннан кейін екі айдың ішінде 15 баланың қайтыс болғаны хабарланған еді.
Tengrinews.kz.