Денсаулық

Өзгенің безеуі сізге жұғады: Сұлулық салонындағы боянатын құралдар бактерияға толы болып шықты

  • Өзгенің безеуі сізге жұғады: Сұлулық салонындағы боянатын құралдар бактерияға толы болып шықты

    Өзгенің безеуі сізге жұғады: Сұлулық салонындағы боянатын құралдар бактерияға толы болып шықты

Өлімге апаратын қауіпті бактериялар! Түрлі герпес, стафилококк және ішек аурулары. Дәл осындай микробтар әйелдердің косметика ұстайтын сөмкелерінен шығып жатыр.

Өзгенің безеуі сізге жұғады: Сұлулық салонындағы боянатын құралдар бактерияға толы

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Британияның ғалымдары түрлі опа-далаптарды жағатын заттарды зерттеп, осындай мәлімдеме жасап отыр.

Миллиардтаған бактерия мен микроб! Бұрымдылардың сөмкесінде осындай көзге көрінбейтін бактериялар өріп жүр! Салдарынан, қыз-келіншектер бетке шығатын түрлі тері ауруларына шалдығып, тіпті герпестің ең қауіпті түрін жұқтыруда дейді косметологтер!

"Сіз келіп тұрсыз макияж жағуға, сіздің алдыңызда ол макияжды безеу ауруымен шалдыққан адамға жасады дейік. Бетінде іріңдер бар не болмаса  басқа да микоздар, яғни, грипковые заболевание, сондай ауруға шалдыққан адам болса, ол келесі адамға сол кисточка арқылы ана адамға науқасқа жұғады", - деді косметолог-дерматолог Динара Маликова.

Ғалымдар косметиканың ең қауіпті бес түрін анықтаған! Олар ерін далабы, ерін жылтыратқыш, көз контурын реттейітіндер, кірпік бояғыш және губкалар. Бактериялардың ең көп шоғырланғаны жері де осы заттарға тиесілі. Мәселен, аса көзге түспейтін спонждың өзінде миллионнан астам бактерия тіркелген. Ең сорақысы, дәл осы сауалнамаға қатысқан  93% арулардың губкаларын жумайтындарын айтыпты.

«Грим жағып жатамыз, тойымыз бар, басқа да іс-шараларымыз бар. Сол себептен ол жерде барлық спонжиктар немесе кисточкаларды  залалсыздандырмайды. Яғни, бір клиенттен екінші клиентке  сол инструмент арқылы қаншамалықты бактериялар не болмаса аурулар жұқтыруы көп кездесіп жатады», - дейді косметолог.

Осы ретте арулардың өздері макияж жасауға арналған құралдарын тазалай ма деген сұрақты қойып көрдік. Нәтижесі әркімді де шошытады.

«3 ай, 4 ай. Бірақ кисточкаларды ұзақ қолдана беруге болады».

«Ай сайын ауыстырып отырамын. Кейде болады тональный крем біткен кезде ауыстырамын. Жоқ, қарамаймын».

«Тоже ауыстырамын. Бірақ, енді жақын арада емес. Шамамен  3 айда, 2 айда», - дейді олар.

Осылайша стафилокок, ішек таяқшаларын, герпес жұқтырып алғыңыз келмесе қазірден бастап тазалық шарттарын сақтаңыз дейді мамандар.  

 

 




Көрілген: 470    Пікірлер: 0

жұма, 06.12.2019, 21:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31