Денсаулық

Пандемия 7 жылға созыла ма: Алматылық СЭБД сарапшылар болжамына пікір білдірді

  • Пандемия 7 жылға созыла ма: Алматылық СЭБД сарапшылар болжамына пікір білдірді

    Пандемия 7 жылға созыла ма: Алматылық СЭБД сарапшылар болжамына пікір білдірді

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары Әсел Қалықова коронавирус пандемиясы жеті жылға созылады деген ақпаратқа пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Онлайн брифинг барысында журналист беделді шетелдік басылымға сілтеме жасап, пандемия тағы жеті жылға созылуы мүмкін екенін және одан құтылу үшін халықтың төрттен үш бөлігі вакцинациядан өтуі керек екенін айтты.

Қалықоваға осы мәлімдемемен келісесіз бе деген сауал қойылды. Санитар дәрігердің ойынша, пандемия жеті жылға созылуы мүмкін емес.

"Эпидемиолог ретінде пандемия тағы жеті жылға созылуы мүмкін дегенге келіспеймін. Өйткені көптеген елдерде халықты иммундау бойынша жұмыс басталып кетті, бұл жыл бойына иммундық қабат түзеді, вирустың пандемия ауқымында таралуына жол бермейді.

Біз коронавирус ауруы жойылмайды, бірақ маусымдық вирустық ауруға айналады, сонымен қатар жыл сайын тұрғындарды COVID-19-қа қарсы иммундау жүргізіледі деп есептейміз", - дейді эпидемиолог.

Одан бөлек, Әсел Қалықова бүгінде Алматыда коронавирустың жаңа штамдары анықталмағанын және оның пандемияның жаңа толқынын тудыру ықтималдығы өте төмен екенін айтты.

"Вирустың негізі өзгермейді. Оның үстіне әлем бойынша жаппай вакцинация басталды", - дейді Қалықова.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 951 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Осылайша жалпы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 200 044-ке жетіп отыр.




Көрілген: 2779    Пікірлер: 0

сенбі, 13.02.2021, 01:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30