Денсаулық

Парацетамол таблеткасында өлімге әкелетін вирус бары рас па?

  • https://diapazon.kz/

    https://diapazon.kz/

Қазнет пайдаланушылары P/500 таңбасы бар парацетамолды ішпеуге кеңес береді. Таблеткаларда өлімге әкелетін Мачупо вирусы бар екен.

 

Бұл &ndash 2011 жылдан бері желіде көптеген тілдерде таратылып жүрген бұрынғы фейк, деп хабарлайды stopfake.kz.

 

Қорқынышты хабарды алғаш рет 2011 жылы Ангола тұрғындары ойлап тапқан.

 

Ол кезде бұл жаңалықты жергілікті Ұлттық радиодан хабарлағаны айтылған болатын. Кейіннен басқа тілдерге аударылған кезде бұл сөйлем алынып тасталды.

 

Миф көптеген елдерге тарады.

 

Үндістан мен Англияда хабарламаға денесіне бөртпе шыққан ер мен әйелдің суреттері тіркелді.

 

 

Таблеткадағы вирус туралы хабарламалар бірнеше рет теріске шығарылды.

 

Мачупо вирусын Боливияда мекендейтін тышқандар таратады. Бұл елден тыс жерлерде вирустың өршуі туралы хабарланбаған.

 

Дегенмен, пайдаланушылар фейкті таратуды жалғастыруда.

 

Ол Қазақстанда алғаш рет 2017 жылы тіркелді. Ол кезде «вирусы бар» таблеткалар туралы қауесетті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің бас сарапшысы Ғалымжан Мырзахметов жоққа шығарған болатын.

 

&ndash Қазақстан Республикасында бұл ақпарат жалған деп санаймын. Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне телефон арқылы да, жазбаша түрде де мұндай ақпарат түскен жоқ, &ndash деді ол.

 

Қорыта айтқанда, парацетамолдың құрамында қауіпті вирус жоқ, ал мұндай хабарламалар &ndash басқа тілден аударылған және Қазақстанға қатысы жоқ бұрынғы фейк.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 1974    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.01.2021, 17:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31