Денсаулық

Павлодар облысында пневмонияға қатысты құпия болған қайғылы статистика жарияланды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы өңірдегі пневмонияға қатысты мәлімдеме жасады, хабарлайды «Хабар 24».

 

Аймақтың бас дәрігері алдымен бұған дейін құпия болған қайғылы статистиканы жариялады. Биылғы жылдың басынан бері өңірде пневмониядан 428 адам көз жұмған. Оның ішінде 85 адам маусым, ал 314 адам шілде айында қайтыс болғаны белгілі болды.

 

Сала мамандарының хабарлауынша, қайтыс болған науқастарға аурудың әр алуан түрлері бойынша диагноздар қойылған. Өлім-жітім оқиғаларының басым бөлігі шілде айында тіркеліпті. Қазіргі таңда аймақта пневмония жағдайларын анықтаудың жаңа тәсілдері енгізілді. Яғни, аурудың коронавирустық түрі бойынша есеп жүргізіле бастады.

 

Бүгінге дейін аурудың осы түрінен сегіз адам қайтыс болды. Жалпы ауруға душар болғандардың басым бөлігі егде жастағы адамдар болып шықты. Салалық ведомство басшылығы қайғылы жағдайлар үшін медицина қызметкерлерін кінәламауды сұрады.

 

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста COVID-19 инфекциясын 3052 адам жұқтырған. Госпитальдерде 1300-ден астам ем қабылдап жатыр.

 

Біржан Досмайылов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а.:

 

- Олардың қаншасы пневмониядан қайтыс болғанын анықтау мүмкін емес, өйткені аутопсия жүргізілмеген. 18 шілдеге дейін өлімнің статистикасы пневмонияны бөлмей, жалпы жүргізілді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келісімі бойынша коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықты кодтаудың жаңа жүйесін енгізуді бастады. 18 шілдеден бастап пневмонияны клиникалық анықтаудың жаңа әдісіне көшті. Яғни, сол күннен бастап біз коронавирустық пневмонияны бөле бастадық.

 




Көрілген: 376    Пікірлер: 0

сенбі, 01.08.2020, 15:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31