Денсаулық

Павлодарда полицейлер коронавирус жұқтырды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Аққулыда карантиндік шектеулер енгізілді. Өткен аптаның соңында аудан бойынша 11 адамнан қауіпті індеттің белгілері табылған еді. Оның жетеуі полиция қызметкері болып шықты.

 

Осыған орай Павлодар облысының Аққулы ауылында екі мектеп қашықтан оқуға көшіп, бір балабақша жабылды.

 

Жұқпалы дерттің полиция қызметкерлері арасында таралуына мал ұрлығымен айналысқан Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны себепкер екен.

 

Тергеу жүргізу мақсатында аудандық полиция бөлімінің тергеушісі күдіктіні қызметтік көлікпен аудан орталығына жеткізген. Сөйтіп онымен байланыста болған алты полиция қызметкерінен де қауіпті дерт анықталды.

 

Эльмира Темірғалиева, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі:

 

 - Қазіргі таңда осы қызметкерлермен жалпы байланыста, қарым-қатынаста болғандардан, туған-туысқандарынан да ПТР сынамасы алынды. 18 адамның ішінен 10-ы оң нәтиже берді. Оның екеуі - бала. Қазіргі таңда олардың қал-жағдайы жақсы. Қазір медицина қызметкерлердің қарауында.

 

 

24.kz




Көрілген: 616    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 20:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31