Денсаулық

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында он жылда 50 мың сәби дүниеге келген

  • Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында он жылда 50 мың сәби дүниеге келген

    Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында он жылда 50 мың сәби дүниеге келген

Бүгін Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының ашылғанына 10 жыл толды. Қаншама нәрестелердің дүниеге келуіне септескен медициналық мекеме өзінің айтулы мерейтойын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында атап өтуде, деп хабарлайды Almaty.tv .               

Еліміздің медицинасында алар орны ерекше Перинаталогия және балалар кардиохирургиясы орталығы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл дегеніміз, дәл осы мекемеде алғаш дүниеге келген сәби қазір 10 жасқа келді деген сөз. Орталықтың осындай қуанышын бөлісуге әлемнің түкпір-түкпірінен мамандар жиналды. Атап айтқанда, Италия, Ресей, Украина, Тәжікстан, Нидерланды секілді елдердің тәжірибелі мамандары бас қосып, құрсақтағы баланың денсаулығы және дүниеге келгеннен кейінгі күтімі туралы түрлі тақырыпта өзекті мәселелерді тілге тиек етуде.         

Осы ретте, орталық бас дәрігері медициналық мекеме бүгінге дейін 50 мыңнан аса сәбидің дүниеге келуіне септесіп, жүрек ақауы секілді түрлі дертке ота жасалғанын алға тартты.

«Қазіргі таңда жүрекке 2 мыңнан аса ота жасалды. 4500-ден астам бала біздің стационар базасында амбулаторлық ем алды. Кейде салмағы бар-жоғы 500 грамм нәрестелер дүниеге келеді. Бүгінге дейін 4180 шала туылған бала тіркелген. Олардың бәріне жоғары санаттағы мамандар қажетті көмек көрсетті», – деді Алматы қалалық Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының бас дәрігері Гүлнар Нұрланова.

Айта кетсем, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция бүгін таңғы сағат 9.30-да басталды. Жиын «Балалар кардиохирургия саласының өзекті мәселелері», «Неонатология» және «Еліміздегі акушерлік пен гинекология, медициналық генетикадағы диагностика» секілді 3 түрлі секцияға бөлініп өтуде.

Мамандардың айтуынша, балалардың жүрек ақауымен дүниеге келуіне түрлі факторлар себеп болады екен. Мәселен, тұқымқуалаушылық, түрлі жарақат немесе инфекциялық аурулар ана құрсағындағы сәби денсаулығына әсер етуі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер қыз-келіншектерге жүктіліктің алғашқы үш айында сақ болуға кеңес береді.      

Almaty.tv




Көрілген: 593    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 15:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31