Денсаулық

Петропавлда COVID-19 жұқтырған науқас туралы ақпарат жарияланды

  • https://censor.net.ua/

    https://censor.net.ua/

27 жастағы Петропавл тұрғынының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды. Ол Омбы қаласынан келген, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тимур Сұлтанғазиев брифингте.

 

Ол науқастың Ресейде оқитынын айтты.

 

"23 наурыз күні кешке транзиттік пойызбен келген. Онымен байланыста болған адамдар анықталып, карантинге жатқызылды. Науқас вокзалдан үйге барып, ешқайда шықпаған. Үйінде анасымен ғана болды. Келесі күні, 24 наурызда дене қызуы көтеріліп, жедел жәрдем шақырды. Ресейдегі эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, жедел жәрдем бригадасы тиісті қорғаныс киімімен барды", - деді Сұлтанғазиев.

 

Облыстық денсаулық басқармасының басшысы қосымша сынама Алматыдағы зертханаға жіберілгенін айтты. Нақты қорытынды тұрғындарға хабарланады.

 

Пациентте жөтел жоқ, тыныс алуы қиындамағанын жеткізді.

 

Қызбен араласқан 13 адам анықталды. Олар COVID-19 жұқтырмаған. Қалғандары үй карантинінде.

 

Сондай-ақ, пәтер мен кіреберіс "Диадез" құралымен залалсыздандырылды.

 

sputnik


 




Көрілген: 130    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.03.2020, 14:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31