Pfizer басшысы: ғылым қатерлі ісік ауруын емдеуге жақын

23 мамыр 2022, 08:00

Pfizer фармацевтикалық компаниясының президенті және бас директоры Альберт Бурла ғылыми қауымдастық қатерлі ісікті емдеуде айтарлықтай жетістіктерге жетуге жақын екеніне сенімді. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Бурла қатерлі ісік туралы ғылым жетілгенін, алдағы жылдарда қолданыстағы емдеу хаттамаларында айтарлықтай өзгеріс болатынын айтты.

 

"Мен басқа ауруларды білмеймін, бірақ жақында қатерлі ісікті емдеу жолы табылады", - деді Бурла.

 

Сондай-ақ, коронавирусқа босаңсуға болмайтынын айтты.

 

"Біз босаңсып кетпеуіміз керек. Қазіргі уақытта вакцина жеткілікті. Осы қолда бар вакцинаны дұрыс қолдансақ өлім санын азайтамыз", - деді Pfizer басшысы.