Денсаулық

Президент ана өлімінің көбеюіне қатысты тексеріс жүргізуді тапсырды

  • Президент ана өлімінің көбеюіне қатысты тексеріс жүргізуді тапсырды

    Президент ана өлімінің көбеюіне қатысты тексеріс жүргізуді тапсырды

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы 8 айдың ішінде 36 әйел қайтыс болса, биыл қаңтар-тамыз айында осы көрсеткіш 131-ге дейін өсті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық өңірде ана өлімі көрсеткіші бірнеше есе көбейіп кеткенін мәлімдеді. Осыған байланысты мемлекет басшысы тексеріс жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

"Үкімет медициналық көмектің өзге түрлерін де көрсетуді ұмытпауы тиіс. Ана мен бала денсаулығын қорғау &ndash негізгі басымдықтың бірі. Өкінішке қарай, ана өлімі көрсеткіші барлық өңірде бірнеше есе көбейіп кетті", - деді Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы 8 айдың ішінде 36 әйел қайтыс болса, биыл қаңтар-тамыз айында осы көрсеткіш 131-ге дейін өсті.

"Мысалы, Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш шамамен 13 есе, Қызылорда облысында 9 есе, Шымкент қаласында 7 есе артты. Неге бұл адамдарға көмек көрсетілмеді? Қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұл өте өзекті сұрақтар. Оларға әкімдер жауап беру керек", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Осыған байланысты президент үкіметке өңірлермен бірлесе отырып, аталған фактілердің әрқайсысын тексеріп шыққаннан кейін нәтижесін өзіне баяндауды тапсырды.

"Ана мен баланы қорғау, онкологиялық, кардиологиялық, пульмонологиялық және медициналық көмектің басқа да түрлерін көрсету &ndash ел алдындағы міндетіміз. Әкімдерді, жалпы үкіметті бұл міндеттен ешкім босатқан жоқ. президент әкімшілігіне осы мәселені бақылауға алуды тапсырамын", - деді Тоқаев.

skifnews.kz




Көрілген: 605    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.10.2020, 18:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31