Денсаулық

Президент: Елдегі аналар өлімінің көбеюіне әкімдер жауапты

  • Президент: Елдегі аналар өлімінің көбеюіне әкімдер жауапты

    Президент: Елдегі аналар өлімінің көбеюіне әкімдер жауапты

Президент үкімет медициналық көмектің өзге түрлерін де көрсетуді ұмытпауға тиіс екенін айтты. Мемлекет басшысы елдегі ана мен бала денсаулығын қорғау &ndash негізгі басымдықтың бірі екенін айта отыра, ана өлімі көрсеткіші барлық өңірде көбейгеніне тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

"Былтырғы 8 айда &ndash 36 әйел қайтыс болса, биылғы 8 айда &ndash 131 әйел қайтыс болыпты. Мысалы, Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш шамамен 13 есе, Қызылорда облысында 9 есе, Шымкент қаласында 7 есе артты. Неге бұл адамдарға көмек көрсетілмеді? Қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұл өте өзекті сұрақтар. Оларға әкімдер жауап беру керек", - деді президент.

 
Ол үкіметке өңірлермен бірлесіп, аталған фактілердің әрқайсысын тексеріп, нәтижесін баяндауды тапсырды. Мемлекет басшысы президент әкімшілігіне осы мәселені бақылауға алу қажеттілігін айтты.

"Ана мен баланы қорғау, онкологиялық, кардиологиялық, пульмонологиялық және медициналық көмектің басқа да түрлерін көрсету &ndash ел алдындағы міндетіміз. Әкімдерді, жалпы Үкіметті бұл міндеттен ешкім босатқан жоқ", - деді ол. 




Көрілген: 361    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.10.2020, 14:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31