Денсаулық

Ресей ғалымдары коронавирустан емдейтін жаңа дәрі ойлап тапты

  • Ресей ғалымдары коронавирустан емдейтін жаңа дәрі ойлап тапты

    Ресей ғалымдары коронавирустан емдейтін жаңа дәрі ойлап тапты

Жаңа препаратқа "МИР-19" деген атау берілді. Оны жасаушылар препарат адам үшін қауіпсіз, иммунитетке әсер етпейтінін айтады

Ресейдің Федералды биологиялық және медициналық агенттігі (ФБМА) коронавирус инфекциясын алдын алу мен емдеуге арналған "МИР-19" препаратына патент алды, деп хабарлады ФБМА агенттігі.

"Роспатент SARS-CoV-2 жаңа коронавирусқа қарсы әсері бар құрамдастырылған дәріге патент берді. Препарат МИР-19 деп аталады", - делінген хабарламада.
МИР сөзі шағын интерференделуші РНҚ дегенді білдіреді.  Препарат ингаляция немесе мұрын ішіне енгізу жолымен коронавирус инфекциясының алдын алуға немесе емдеуге арналған.

"МИР-19 – микро РНҚ-ны қолдануға негізделген бірегей препарат. Ол адамдар үшін қауіпсіз, адам геномына және иммунитетіне әсер етпейді. Сонымен бірге вирус көшірілуіне жол бермейді. Коронавирус инфекциясының ең ауыр түрлері, соның ішінде пневмонит, коронавирус инфекциясы тудырған өткір респираторлық дистресс синдромның алдын алады", - деді Ресей ФБМА жетекшісі Вероника Скворцова.

ФБМА мәліметі бойынша, қазіргі уақытта препаратты клиникалық зерттеуден өткізудің бірінші кезеңі аяқталды. Зерттеу барысында оның қауіпсіздігі дәлелденді.

sputnik.kz




Көрілген: 1478    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 00:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31