Денсаулық

Ресей мамандары 10 күн ішінде "омикрон" штамына қарсы вакцина жасауға уәде берді

  • Ресей мамандары 10 күн ішінде

    Ресей мамандары 10 күн ішінде "омикрон" штамына қарсы вакцина жасауға уәде берді

Гамалея атындағы орталық директоры, Ресей ғылым академиясының академигі Александр Гинцбург "омикрон" штамына қарсы модификацияланған вакцинаны әзірлеуге он күннен аспайтын уақыт кететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Гинцбургтің айтуынша, тіркеу құжаттарын толтыру үшін шамамен бір жарым ай немесе 50 күн қажет.

"Менің ойымша, жаңа вакцина препаратын алу бойынша тәжірибелік жұмыс 10 күннен аспайды, қалғаны нормативтік құқықтық актілер, яғни лицензиялау процедуралары және вакцина қауіпсіз және иммуногенді екендігін дәлелдеуге байланысты", - деді академик.
 
Бұған дейін америкалық фармацевтикалық компаниялар Pfizer және Moderna жаңа штамның таралуы жағдайында препарат құрамын өзгерте алатынын айтқан болатын.

Айта кетейік, коронавирустың жақында пайда болған нұсқасы "омикрон" ең жұқпалы саналады. Кейбіреулер штамм қазіргі COVID-19-ға қарсы вакцина түзетін қорғанысты айналып өтуі мүмкін деп қорқады.

Санитария дәрігерлері Алматыда жаңа "омикрон" штамының табылу ықтималдығы туралы айтқан еді.




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.11.2021, 10:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31