Денсаулық

Ресейде коронавирусқа қарсы екінші вакцина тіркелді

  • Ресейде коронавирусқа қарсы екінші вакцина тіркелді

    Ресейде коронавирусқа қарсы екінші вакцина тіркелді

Бұл жөнінде 14 қазанда үкімет мүшелерімен болған жиында Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді.

 
Жиынды басқа бір жағымды ақпараттан бастағым келіп тұр. Новосібірдегі "Вектор" орталығы бүгін Ресейдің коронавирусқа қарсы "ЭпиВакКорона" деп аталатын екінші вакцинасын тіркеді - деді ол.
Оның айтуынша, Ресей ғылым академиясына қарасты иммунобиологиялық дәрі-дәрмекті зерттеу және әзірлеу федералдық ғылыми орталығы дайындап жатқан үшінші вакцина да тіркелер күн жақын.

Вице-премьер Татьяна Голикова "Вектор" орталығының тіркеу куәлігін алғанын хабарлады. Оның айтуынша, вакцинаның клиникалық сынағына 100 ерікті қатысқан.

 

Векторлық, яғни аденовирус негізінде әзірленген ресейлік алғашқы вакцина Sputnik V-дан айырмасы, жаңа вакцина болашағы зор синтетикалық платформалардың бірінде дайындалды, ол пептидтік вакцина саналады, яғни вирустық белок &ndash пептидтің жасанды жолмен синтезделген қысқа фрагменттерінен тұрады. Иммундық жүйе сол арқылы үйреніп, вирусты танып, оны бейтараптандыруға дағдыланады. Вакцина реактогенді емес әрі қауіпсіздік деңгейі өте жоғары - деді ол.

 
Ресей әзірлеген коронавирусқа қарсы "тұңғыш вакцина" - Sputnik V-нің де тіркелгенін алғаш болып Путин айтқан. Ресей президентінің сөзіне сенсек, вакцинаны сынап көрген еріктілердің арасында оның қызы да болған.

 

"Вектор" институтының вакцинасы туралы айтқан ол бұл екпені "керемет препарат" деп сипаттады және Ресейдегі вакциналар бір-бірінен бірі өткен, сондықтан олар қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша өзара бәсекеге түсе алады - деді.


BAQ.KZ




Көрілген: 418    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.10.2020, 08:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30