Денсаулық

Ресейлік сарапшы: Көктем соңында коронавирус жұқтырғандар саны азаюы мүмкін

  • Ресейлік сарапшы: Көктем соңында коронавирус жұқтырғандар саны азаюы мүмкін

    Ресейлік сарапшы: Көктем соңында коронавирус жұқтырғандар саны азаюы мүмкін

Роспотребнадзор Эпидемиология Орталық ҒЗИ директорының орынбасары Наталья Пшеничная алдағы уақытта коронавирус жұқтырғандар саны азаюы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, көктемнің соңына қарай коронавирус инфекциясымен ауыру деңгейі наурызда байқалып отырған статистикамен салыстырғанда азаюы мүмкін. Ол үшін адамдар барлық ережелерді сақтап, коронавирусқа қарсы екпе салдыртуы тиіс.

«Қазіргі кезде босаңсымай, қорғаныс шараларын сақтау, вакциналау қарқынын өсіру маңызды. Мұндай жағдайда көктемнің соңында біз ауруға шалдығу деңгейінің наурыздағы қазіргі көрсеткіштермен салыстырғанда одан да төмендеуін көруіміз әбден мүмкін», - деді ол.

Пшеничная Ресейде қазіргі кезде жағдай тұрақталғанын атап өтті. Оның сөзінше, COVID-19 жұқтырудың күн сайын анықталған оқиғаларының саны соңғы екі аптада тәулігіне 11 мыңнан аспайды. Маманның айтуынша, бұған кеңес етілген алдын алу шараларын сақтау, вакциналау науқаны, сондай-ақ тұрғындардың бір бөлігінде коронавирусқа қарсы иммунитеттің қалыптасқаны септігін тигізіп отыр.

Алайда ол көктемде жылымық, батпақ, жаңбыр және ылғалды ауа райының әсерінен ауруға шалдығудың тәуліктік ауытқуы байқалуы мүмкін екенін қосып өтті.

Жыл басынан бері әлемде 121,8 млн адам коронавирус жұқтырған, 2,7 млн жуық адам қайтыс болды. Коронавирусқа қарсы күрес жүргізу федералдық штабтың мәліметінше, Ресейде ауру жұқтырудың 4 437 938 оқиғасы тіркелген, 4 049 373 адам сауығып шықты, 94 267 адам қайтыс болды.




Көрілген: 778    Пікірлер: 0

сенбі, 20.03.2021, 19:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31