Денсаулық

Ресейлік вакцинадан кейін қазақстандық вакцинаны салдыруға бола ма

  • Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

    Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Вакцинаның бірінші компонентін ресейлік "Спутник V"-мен, ал екіншісін қазақстандық "QazVac"-пен салдыруға бола ма? Бұл сұраққа профессорлар онлайн брифингте жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Профессор Ләззат Ералиеваның сөзінше, вакцинацияны бір вакцинамен аяқтау керек. Өйткені "QazVac" пен "Спутник V" вакциналары дайындау технологиясы жағынан мүлдем өзгеше.

 

Оның айтуынша, екі түрлі вакцина салдырғаннан ешқандай пайда болмайды.

 

Медицина ғылымдарының докторы Александр Гуляев те Ләззат Ералиевамен келіседі.

 

"Бұл мүлдем әртүрлі вакциналар. Оларды араластыру мүмкін емес, бұл қарастырылмаған. Біртипті вакциналар бір-бірін алмастыра алуы мүмкін. "Спутник V" мен "Astra Zeneca"-ны біріктіру туралы біраз айтылған еді. Мұнда жасалу механизмі бірдей. Дегенмен бұл клиникалық сынақтарды қажет етеді. Ал қазақстандық және ресейлік вакциналарды араластыру тіпті талқыланбайды, вакцинация кезінде вакцина өзгертілмеуі керек", – дейді Гуляев.

 

Айта кетейік, 22 сәуірде Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген отандық "QazVac" (QazCovid-in) вакцинасының алғашқы партиясы аймақтарға жіберілді.

 

26 сәуірден бастап халыққа "QazVac" вакцинасы егіле бастайды.

 

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "QazVac" вакцинасын әзірлеген ғалымдар мен мамандарға алғыс айтты.

 

Президенттің сөзінше, барлық азаматқа қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады.

 

 




Көрілген: 858    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2021, 17:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30