Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр

10 сәуір 2021, 21:08

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

10 сәуірдегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары «қызыл» аймақта тұр.

 

«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстары орналасқан.

 

Қалған барлық өңірлер «жасыл» аймақта.