Денсаулық

Іргедегі індеттен сақтанған біздің ДСМ дереу 3 миллионнан астам маска сатып алды

  • Іргедегі індеттен сақтанған біздің ДСМ дереу 3 миллионнан астам маска сатып алды

    Іргедегі індеттен сақтанған біздің ДСМ дереу 3 миллионнан астам маска сатып алды

«Ауыр науқастарды тасымалдау үшін 30 капсула мен қашықтықтағы термометрия үшін қосымша 33 жылуға ден қойғыш құрал сатып алынады», - деді Жандарбек Бекшин.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дереу 3 миллионнан астам медициналық маска сатып алып жатыр. Бұл туралы бүгін бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ауруханаларға әртүрлі медициналық маскаларды дереу сатып алып жатырмыз. Олар – 2,5 миллион қарапайым медициналық маска, 1,3 миллион респираторлық маска, бір реттік және кәсіби костюмдер, сондай-ақ, диагностикалық аппаратураның шығын материалдары. Ауыр науқастарды тасымалдау үшін 30 капсула мен қашықтықтағы термометрия үшін қосымша 33 жылуға ден қойғыш құрал сатып алынады», - деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, министрлік дәке таңғыштарды жаппай өндіру үшін отандық өндірушілерге өтініш жасаған.

«Екіншіден, ЖРВИ симптомдарын анықтау үшін түрлі диагностика амалдары бар. Оның үстіне, ДДСҰ-мен келістік, алып тастау әдісі бойынша істеп жатырмыз. Егер тұмау мен ЖРВИ анықталмаса, әрі қарай диагностикадан өткізу үшін анализдерді ДДСҰ орталықтарына жібереміз. Сондай-ақ, сынамаларды диагностикадан өткізу үшін Ресейге жіберу туралы келісім бар», - деді бас санитар.

Еске сала кетсек, бүгін түрлі инфекция жұқтырды деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласына Бейжіңнен ұшып келген 17 жастағы қыздың, артынша тағы 4 адамның ауруханаға түскенін жазған болатынбыз. 




Көрілген: 212    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.01.2020, 09:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30