Денсаулық

"Рұқсаттың қажеті жоқ": министр адам ағзаларын алуға қатысты түсініктеме берді

  • © Sputnik / Анатолий Медведь

    © Sputnik / Анатолий Медведь

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов заң аясында адам ағзаларын алу қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Біздің заң бойынша әр азамат көзі тірісінде жазбаша түрде донор болудан бас тартса, онда органдарын алмайды. Басқа жағдайда егер жазбаша бас тартқаны туралы қағаз болмаса, ол адамның ағзаларын алуға заң жүзінде рұқсат етіледі", - деді Біртанов журналистерге берген сұхбатында.


Министрдің айтуынша, бүгінде донорды күтіп жүрген науқастар көп. Ал қазіргі норманың арқасында біраз адамның өмірін сақтап қалуға болады.


"Бірақ кейде туған-туыстар сотқа береді. Неге бізден рұқсат алмай, ағзаны аласыз деп шағымданады. Негізі, заң бойынша рұқсат алудың қажеті жоқ. Адам тірі кезінде қарсы екенін жазып кетуі керек. Мысалы, бүгінде цифровизация аясында емханаға тіркелгенде әр азаматқа донор болуға келісесіз бе, әлде бас тартасыз ба деп ұсыныс жасалады. Көп азаматтар келіседі. Біз осыны пайдаланып, басқа адамдардың өмірін сақтап жүрміз", - деп атап көрсетті Біртанов.


 




Көрілген: 468    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.07.2019, 17:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31