Денсаулық

Румыния басылымы QazVac вакцинасы туралы мақала жариялады

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Румыниядағы басылым Қазақстанның Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының QazVac вакцинасы туралы жазды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың 15 мамырында бұл екпені кандидат вакцина ретінде тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Былтырғы жылдың қыркүйек айында өткізілген 1-ші фазаның клиникалық сынағына 44 ерікті қатысты, ал 17 қазанда 200 еріктінің қатысуымен 2-ші фазаның сынағы басталған. Қазақстанда коронавирусқа шалдығудың бірінші оқиғасы 2020 жылдың наурызында расталды. 23 наурызда инфекция жұқтырған пациенттерден үлгілер алынып, олардың биологиялық қасиеттері зерттеліп, COVID-19 ретінде анықталған вирус бөлінді, делінген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде.

 

Қазақстанның Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының мамандары QazVac немесе QazCovid-In вакцинасын танымал технологиялық платформа деп сипаттады.

 

«Бұл – инактивтелген, яғни химиялық әдістердің көмегімен өлтірілген, одан кейін хромотографиялық әдістер арқылы күрделі бағалауға ұшыраған коронавирус инфекциясы қоздырушысының биологиялық массасын шығаратын классикалық технологиялық процедура».

 

Алматы және Тараз қалаларында ерік білдірген 3000 адамға QazVac вакцинасы егілді. QazVac вакцинасын өндіру жұмыстарына қатысқан мамандардың бірі Леспек Құтымбетовтің атуынша, вакцинаны Цельсий бойынша 2-8 градус температурада кәдімгі үйде тұрған тоңазытқышта сақтауға болады.

 

«Бұл вакцинаны біздің институт шығарған. Қорапта 10 дозаны құрайтын 10 құты бар. Яғни әр құтыда бір дозадан. Құтыға жарты миллилитр немесе 10 тамшы вакцина құйылған. Қолдану алдында құтыны жақсылап шайқау керек. Бұл құты 21 күннен кейін екінші компонентті салу үшін қолданылады. Вакцина 2-8 градус аралығындағы температурада, кәдімгі үйдегі тоңазытқышта сақталады. Оны мұздату қажет емес, бір жыл сақтауға болады», - деді Құтымбетов.

 

19 желтоқсанда Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі клиникалық сынақтардың 3-ші фазасын өткізуге рұқсатын берді.

 

Алматы және Тараз қалаларында ерік білдірген 3000 адамға QazCovid-in вакцинасы егілді. Екпенің қандай да бір жанама әсері немесе оған шағым тіркелген жоқ. Қазақстанда шығарылған QazVac вакцинасы – екідозалық вакцина, оның бір құтысы бір адамға есептелген.

 

Бұдан басқа, отандық вакцина мұздатуды қажет етпейді, ол плюс 2-8 градус аралығындағы температурада сақтала береді, деп атап өтті басылым.

 

QazCovid-In (QazVac) вакцинасын клиникалық сынаудың үшінші фазасы 9 шілдеге қарай аяқталады.

 

Қазақстандық сарапшылардың айтуынша, бұл зерттеуге 3000 адамнан кем болмаған еріктілер қатысып отыр.

 

«Клиникалық сынаудың үшінші фазасының нақты аяқталатын күні – 2021 жылдың 9 шілдесі. Бұдан кейін 3000 еріктінің мәліметтерін өңдеу бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі, оған шамамен 20 күнтізбелік күн кетеді. Бұдан кейін біздің есебіміз Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылады», - деді ҒЗИ басшысы Күнсұлу Закария.

 

Қазақстан вакцина өндірісін іске қосқан әлем елдерінің «ондығына» және вакцина өндірісінің толық циклын өздігінен игеріп алған елдердің «бестігіне» кіріп отыр.

 

Еске салсақ, QazVac вакцинасын клиникалық зерттеудің I-II фазасының нәтижелері бойынша есептер және III фазасының аралық есебі оның қауіпсіздігін растады.

 

2021 жылы 22 cәуір күні COVID-19-ға қарсы қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілді.

 

26 сәуірде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып КВИ-ге отандық QazVac вакцинасымен екпе алды.

 

 




Көрілген: 745    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 13:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30