Денсаулық

«Сақал қою онкологиялық аурудан қорғайды» - дәрігер

  • «Сақал қою онкологиялық аурудан қорғайды» - дәрігер

    «Сақал қою онкологиялық аурудан қорғайды» - дәрігер

Сақал қою адамды онкологиялық аурудан қорғауы мүмкін. Бұл туралы Ресей медициналық ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дерматовенеролог дәрігер Наталья Козлова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Аргументы и Факты» газетіне берген сұхбатында ол беттегі сақалдың терідегі табиғи майларды қорғауға септігін тигізетінін, соның есебінен бет терісінің қажетті деңгейде ылғалданып тұратынын айтқан.

Сақал немесе бет терісіндегі кез келген түк теріні ультракүлгін сәулелердің тікелей түсуінен қорғайды. Ал бұл өз кезегінде терінің онкологиялық ауруларынан қорғанудың бірден бір тәсілі, - деді Козлова.

Мұрт пен сақал адамды аллергиялық реакциялардан да қорғайды. Себебі, мұрын қуысына сырттан келетін тітіркендіргіштердің түсуін алдын алады.

Сақал өсіру бет терісіндегі ауа фильтрациясын қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде тіс пен қызылиектің сау болуына өз үлесін қосады, - деді ол.

Маманның айтуынша, сақал суық ауаның бетке тигізетін кері әсерінен қорғап, беттің жылулығын қалыпты етіп ұстап тұрады. 

Егер адам аз қырынса, беттегі безеулердің пайда болу қаупі төмендейді. Өйткені безеу бет терісінің жиі зақымдануларынан пайда болады.

 

 




Көрілген: 359    Пікірлер: 0

жексенбі, 30.08.2020, 17:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 08:06
    Бас неліктен ауырады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31