Денсаулық

«Самұрық-Қазына» Қытай вакцинасын неге сатып алды?

  • «Самұрық-Қазына» Қытай вакцинасын неге сатып алды?

    «Самұрық-Қазына» Қытай вакцинасын неге сатып алды?

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры «Синофарм» деп аталатын Қытай вакцинасының 1 млн дозасын сатып алды.

Бұл жайтқа қатысты Денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді. Қолда бар препарат 500 мың адамға салынады деп жоспарланған. Бірінші кезекте қор қызметкерлері мен олардың отбасылары егіледі.

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына 300-ге жуық кәсіпорын кіреді. Онда 276 мыңдай адам еңбек етеді.

Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы: - Вакцина «Самұрық-Қазына» қаржысы есебінен алынды. Жалпы, бұл өте жақсы деп ойлаймын. Бүгінде екпе алу қауіпті кеселді жеңудің жалғыз жолы болып отыр. Сондықтан бізге неғұрлым қысқа уақыттың ішінде ұжымдық иммунитеттің қалыптасқаны керек.

Марат Мұхамедсәлиев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ PR-қызметінің жетекшісі: - Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Самұрық-Қазына» коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 млн дозасын сатып алды. Вакцинаның түрі, оны сатып алу, жеткізу және тарату жұмыстарымен «СК Фармация» және Денсаулық министрлігі айналысады. Қор өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін басты орынға қойып отыр. Алдағы уақытта жаппай егу жұмыстарын жүргіземіз.

24.kz




Көрілген: 396    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 09:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30