Денсаулық

Сарапшылар: АҚШ-та коронавирустың «америкалық» түрі пайда болды

  • Сарапшылар: АҚШ-та коронавирустың «америкалық» түрі пайда болды

    Сарапшылар: АҚШ-та коронавирустың «америкалық» түрі пайда болды

Австралияның Квинсленд штатында коронавирустың жаңа штаммы табылуына байланысты билік өкілдері елге кіру тәртібін күшейтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді елге келмек болғандар міндетті түрде теріс нәтижелі анықтама ұсынуы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Австралияда карантин мерзімі аяқталады. Дегенмен, елдің ең ірі үш қаласында вирус жұқтыру деректері әлі де тіркеліп жатыр.

- Пандемия уақытында әрбір туристте вирусты тарату қаупі бар. Сондықтан сақ болғанымыз жөн. Сарапшылардың сөзіне сенсек, коронавирустың жаңа штаммының таралу қарқыны үдей түседі, - деді Оңтүстік Жаңа Уэльс штатының премьері Глэдис Береджиклян.

Өз кезегінде Ақ үй сарапшылары АҚШ-та коронавирустың «америкалық» түрі пайда болды деп отыр. Айтуларынша, жаңа штамм алдыңғысына қарағанда әлдеқайда жұқпалырақ келеді екен. Ал Калифорния билігі болса, ауруханаларда бос орын жоқ деп дабыл қағуда.

- Ауруханаға түсіп жатқан науқастар өте көп. Бәрін бірдей төсек-орынмен қамту мүмкін болмай тұр. Әйтеуір вирус жұқтырғандарды қалай емдеу керегін білетініміз қуантады, - деді дәрігер Роберт Голдберг.

Германияда да жағдай күрделі. Бір тәулікте мыңнан астам адам бақилық болған. Билік өкілдерінің дерегінше, елде коронавирустан әр минут сайын бір азамат көз жұмады екен. Өз кезегінде Германия канцлері Ангела Меркель алдағы апталарда елдегі ахуал одан сайын ауырлай түсетінін ескертті.




Көрілген: 1667    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.01.2021, 13:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31