Денсаулық

Сарапшылар коронавирусқа қарсы таблетка түріндегі дәрі пайда болғанына алаңдаулы

  • ©REUTERS

    ©REUTERS

Халықаралық денсаулық сақтау топтарының сарапшылары Merck компаниясының COVID-19-ды емдеу үшін вирусқа қарсы таблетка түріндегі дәрісі пайда болғанына алаңдап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

 

БҰҰ-ның коронавируспен күресу үшін қаражатқа қол жеткізуді жеделдету бастамасына дайындалған баяндамасында АҚШ-тың Merck&Co фармацевтикалық компаниясының вирусқа қарсы препарат енгізуіне алаңдаушылық білдірілген. Сарапшылардың айтуынша, бұл жоспарлар вакциналардың тең дәрежеде таралмауын қайталауы мүмкін, нәтижесінде, вакцинаны қажет ететін елдер қайта кезектің соңында қалады.

 

Reuters агенттігінің хабарлауынша, қазір Африка халқының тек 5 пайызы вакцинацияланған, бұл адамдарды ауруханаға жатқызудан қорғайтын терапевтік препараттарға қажеттілік туындатады. Салыстыру үшін қарасақ, бай елдердің көпшілігінде халықтың 70 пайыздан астамы екпе алған.

 

Халықаралық денсаулық сақтау органдарының өкілдері дәрі-дәрмектердің жеткілікті мөлшері табысы төмен және орташа елдерге жетпеуі мүмкін, бұл жаһандық ұйымдардың жұмысындағы теңсіздікті көрсетеді әрі қажет дәрі-дәрмектердің таралуын одан әрі баяулатуы мүмкін.

 

Жалпы, жыл соңына дейін Merck бес күн ішінде күніне екі рет қабылдауға кеңес беретін 10 миллион таблетка, келер жылы тағы 20 миллион шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Үндістанның 8 фармацевтикалық компаниясымен лицензиялық келісімдер төмен және орташа кірісі бар 109 елге, соның ішінде Африкаға арзан генериктерді шығаруға мүмкіндік береді. Халықаралық ұйымдар мұны оң жеңілдік деп бағалады.

 

Аустралия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Тайвань, Сингапур және Малайзия үкіметтері өздерінің мәмілелері бар немесе Merck-пен жеткізу келісімшарттары туралы келіссөздер жүргізіп жатыр деп мәлімдеді. Еуропа одағы Merck компаниясы Еуропада рұқсат алуға өтініш бергеннен кейін таблетка сатып алуды қарастырып отыр.

 

Бай елдер "Молнупиравирді" жеткізу туралы келісімдер жасаған кезде, кім қалып қоятыны туралы алаңдаушылық артып келеді. Сонымен қатар, табысы төмен елдер үшін өндіріс Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мақұлдауын талап етеді және реттеу процесі әдетте бірнеше айға созылады.

 

Дженерик - құрамында химиялық зат бар дәрілік зат, белсенді препарат. Химиялық препараттардан айырмашылығы - қайта өндірілген биологиялық препараттар түпнұсқалармен бірдей емес және оларды биосимилярлар немесе биоаналогтар деп атайды.

 

Бұған дейін Merck компаниясы COVID-19 ауруымен жеңіл және орташа түрде ауырып жатқан науқастарды емдеу үшін вирусқа қарсы препаратты АҚШ-та жедел пайдалануға рұқсат алуға өтініш берген болатын. Ridgeback Biotherapeutics компаниясымен бірлесіп жасалған дәрі-дәрмек бұл рұқсатты желтоқсан айында ала алады.

 

 

 

 




Көрілген: 495    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 17:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31