Денсаулық

Сарысу аудандық орталық ауруханасындағы науқастар сылдыр сумен тамақтанады

  • astanatv кадры

    astanatv кадры

Бұл - Жамбыл облысы Сарысу аудандық орталық ауруханасындағы науқастардың бірінің жіберген бейнетаспасы. Айтуынша берілетін тамақтың құнары жоқ. Қала берді, мұндағы палаталарда ерлер мен әйелдер бірге жатыр.

Арнамызға хабарласқан азамат емханадағы бассыздықтарға араша болуымызды сұрады.

Ескендір ТҰРЫСБЕКОВ, ЖАҢАТАС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен барған кезде сол айқай-шығып жатыр екен. Мұнда не десем, біреу тамақ ұстап алған. Мынау не тамақ деп бір кісі келіп, жалоба жасап жатыр. Түнде ана кісінің судорагасы ұстады. Менің жүрегім аурады. Оған шыдамай, басқа жаққа жатқыз десем палата жоқ депті. Терапия бөлімі астында, полный бос тұр. Үстіне неврологияға тығып жатқызып отыр ғой.

Осы мәселенің мән-жайына қатысты Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Бағила Бегманова не айтады.

Бағила БЕГМАНОВА, САРЫСУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

- Бұған қатысты 128 бұйрық бойынша күніне пациенттерге нормативке сәйкес, 3 мезгіл 4 ыстық тамақ беріледі. Азанда, кешке ботқа беріледі. Түскі асқа сұйық сорпа, екіншісіне бұқтырылған тамақ түрлері беріледі. Қою тамақ түрлері беріледі. Ал енді, видеодағы көрініске байланысты айтататыным, тамақ таратушы қасында болмағандықтан, ол көрініс дәлелді деп айту қиын.

Ауруханада берілген тамақққа қатысты бас дәрігердің жауабы мынадай: 

Бағила БЕГМАНОВА, САРЫСУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

- Айтып отырмын ғой. Ол жерде тамақ таратушы қасында болып, расында да сондай порция берілсе, тем более ол кружкаға салынған. Сондай проциямен менің қызметкерім қасында тұрса, мен айтар едім. Иә, бұл дәлелді видео-снимок деп. Ал енді оның ішінде жартылай ішіп қойған. Может ішіндегі сұйығын ішіп қойған. Оны айту қиын. Ол дәлелсіз. Жанында мед қызметкер болу керек. Иә, мен сондай порцияны құйдым деп.

Шағымданушылардың айтуынша, емханада науқастар үшін палата жеткілікті. Орын бар дейді. Алайда, неге ер адам мен әйелдер бір бөлмеде жатыр?

Бағила БЕГМАНОВА, САРЫСУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

- Қазіргі таңда бізде ауруханада күрделі жұмыстар жүруде. Айтқан бос палаталардың терезелері сол кезде бітпеген еді. Сондықтан жаңадан түскен пациентке медбикелер төсек орын дайындағанша, басқа палатадан, кезекші дәрігер жаңағы, оның қан қысымын бос төсекте өлшеген. Келесі дәрігерімнің айтуы бойынша. Төсек дайын болған кезде давлениесін өлшеп, пациентті қарап, оны басқа палатаға. Бос палатаға, еркек пен әйел бөлек жататын палатаға ауыстырдық.

astanatv.kz

 




Көрілген: 301    Пікірлер: 0

жұма, 06.12.2019, 09:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29