Денсаулық

Сәуір айында 1 миллионнан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакциналанады

  • https://profi.travel/

    https://profi.travel/

Сәуір айында Қазақстанда коронавирусқа қарсы 1 миллионнан астам азаматты вакциналау жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Сәуір айында Қазақстанда 1 млн. астам азаматты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жоспарлануда. Республика бойынша халықты КВИ-ге қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі күні еліміздің өңірлеріне 145 мың доза вакцина жеткізілді. Ал ағымдағы жылғы наурыздың соңына дейін қосымша 150 мың дозаны жеткізу күтілуде. 2021 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша 100 мыңнан астам адам егілді, оның ішінде 63 мыңнан астам медицина қызметкері, 22 мың педагог, күш құрылымдарының 7 мың қызметкері, 8 мың – азаматтардың басқа санаттары», - деп жазды министр Facebook-те.

 

А.Цойдың айтуынша, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің ауыр жағдайлары тіркелген жоқ.

 

«Бұл ретте егілген адамдардың 1%-ында күтілетін реакциялар, мысалы, дене температурасы көтерілген тұмауға ұқсас жай-күйлер, жалпы әлсіздік, сондай-ақ вакцина енгізілген жердің ісінуі және қызаруы түріндегі жергілікті көріністер тіркелуде. Халықты одан әрі иммундау мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында 1 млн. астам азамат вакцинацияланатын болады. Осыған байланысты созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған, 65 жастан асқан адамдарды, сондай-ақ азаматтардың басқа да санаттарын қоса алғанда, вакцинациялауға жататын халық топтарын кеңейту көзделуде. Вакцинация КВИ-мен күресудегі ең тиімді шара болып табылады», - деп түйіндеді Денсаулық сақтау министрі.

 




Көрілген: 654    Пікірлер: 0

жұма, 19.03.2021, 14:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31