Денсаулық

Семей полигонының зардабынан туған Нұрайымға көмек керек

  • Семей полигонының зардабынан туған Нұрайымға көмек керек

    Семей полигонының зардабынан туған Нұрайымға көмек керек

Әрбір сағатымыз санаулы. Қызыма таңдай, иек пен тістерін, мұрны мен ерінін қалыпқа келтіру керек...


Туғаннан бейнет көрген Шөмшекбаева Нұрайымның отасына 1 млн теңге ақша керек деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.


Екі көзі ғана жылтырап туған періште сәбидің ернін мұрнын, таңдайын тігіп иек, тістерін салдыру үшін көмек сұрайды. Көп түкірсе көл болады дегендей сіздің жасаған жақсылығыңыз Алладан мың еселеп қайтады. Осы балапанға өмір сүруіне жәрдем етіңіз!


Анасы Анар Сәрсенбина: "Дүниеде бауыр еті балаңның қиналғанын көру қандай қиын! Түркияға емдетуге қаржылай көмек сұраймын. Маусым айында қызымның 8- ші операциясы (отасы). Соған көмек қолын беріңіздерші!!! Бәрі де Семей полигонының кесірі. Алты айлығынан бастап операция үстелінде. Операцияға 1 миллион теңге қажет. Әрбір сағатымыз санаулы. Қызыма таңдай, иек пен тістерін, мұрны мен ерінін қалыпқа келтіру керек. Жолдасым да жұмысқа жарамайды. Менің айлығым студент балаларымның оқуын төлеп, тамағын алып бергеніне әрез жетеді.Алла разылығы үшін көмек беріңіздерші!", - деп көмек сұрайды.


Қызыма көмектесіңіздерші!!! Ата-ана ұрпағымен бақытты дейді ғой. Аллаға шүкір, "Төрт баласы бардың төрт құбыласы тең болар" дегендей, балаларымның амандығын тілеумен күн өткізіп жатқан жайым бар. Ортаншы қызымның биыл 8-ші отасы. Алты айлығынан бастап операция үстеліне танылған осы қызымның денсаулығына қатты алаңдаймын. Ота алдында түрлі дәрумендер ішіп, ем-домын алып, дайындаламыз. Осы қызымды қиындықпен өсірдім. Туғаннан ана сүтін еме алмады.Сондықтан әлсіз, аурушаң. Сәл суық болса болды ыстығы көтеріліп, дірілдеп-қалшылдап қалады. Қаны аз. Ерінін жасаттым. Мұрынын тіктірдім. Бөбешік, таңдай, иек пен тістері дамымай қалған. Таңдайы жыртыла береді. Тамақты езіп, ұнтақтап, сұйық түрінде түтікпен беріп өсірдім. Күні-түні ұйықтамағандықтан өзім де қатты ауырып, 6 ай ұйқысыз қалдым. Қызымның операциядан ба, мінезі ашушаң, жүрегі де ауырады. Дәрігерлер жүрегіне де ота жасату керек деп отыр. Үнемі екі қолы мұздай болып тұрады. Иек пен тістерін салдырту керек. Мұрынын да түзету керек. Көзі нашарлап, құлағы естімей қалды. Қыз бала болған соң өз келбетінен ұялады. Анық сөйлей алмайды. Жолдасым да науқас. Жұмысқа жарамайды. Менің айлығым студент балаларымның оқуын төлеп, тамағын алып бергеніне әрез жетеді. Халықтан, ФБ-тағы достардан еріксіз көмек сұрауға мәжбүр болып отырмын. 500-1000 теңгеден болса да көмек қолын созыңыздаршы, жүрегі кең, жаны жомарт мәрт жандар!!! Егер тіпті қомақты қаржы саламын деген қайырымды жандарға Рамазан айында жасаған сауапты істеріңізге Алла риза болсын! Қызымның сауығып кетуіне қол ұшын беріңіздерші!!!


ИИН: 660917300903

«Халық банк» карточкасы: 4390 8782 0477 1553

Есеп -шоты KZ 236010002003235473.

Телефон: 87784880874.

Киви кошелек: 87784880874

Каспий голд: 4405 6398 1437 6404




Көрілген: 563    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.06.2019, 12:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31