Денсаулық

Шаурма жеген зиян ба - диетолог жауабы

  • © Sputnik / Евгений Одиноков

    © Sputnik / Евгений Одиноков

Диетолог маман қандай шаурма денсаулыққа зиянын тигізбейтінін айтып берді, деп хабарлайды РИА Новости.


Қазіргі заманда күнделікті тіршіліктің күйбеңімен дұрыс тамақтануға уақыт жетпей жатады. Мұндай жағдайда көбінесе тіске басар бірдеңе алып жүрген жақсы. Мәселен: қантсыз ашытылған сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер.


Алайда ірі қала тұрғындары көбінесе тез әзірленетін ас ұсынатын дәмханаларға кіріп немесе жолай шаурма ала салады. Мұның да денсаулыққа еш зияны жоқ, дейді диетолог дәрігер Сергей Обложко. Оның пікірінше, дұрыс тамақтану тұрғысынан алып қарағанда шаурманың құрамында адам ағзасына қажеттінің бәрі бар: тауық еті, көкөністер және жеңіл соустар.


"Бұл жерде екі-ақ проблема бар: шаурма өндірушілер майды көбірек қосуға тырысады, сондықтан майын азайтуды өтінуге болады. Екіншіден, шаурманың екі ұшында бірнеше мәрте оралған жұқа нан ғана бар: оларды алып тастап, ортасын ғана жесеңіз, ағзаға қажеттінің бәрін аласыз – нәруыз, көмірсу және жасұнық", - дейді Обложко.


Аспаздар таза қолымен әзірлесе, бұл тамаша тіске басар тағам, деп атап өтті дәрігер.


Майсыз шаурма табылмаса, дәмханадан өзіңізге пайдалы кез келген басқа тағамды таба аласыз. Диетолог мұндай жағдайда тауық еті мен көкөніс салатын таңдауға кеңес берді.


Sputnik


 




Көрілген: 712    Пікірлер: 0

сенбі, 25.05.2019, 21:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31