Денсаулық

Шетелден оралғандар коронавирус жөніндегі колл орталық жұмысына наразылық білдірді

  • фото: AP

    фото: AP

Шетелден оралған қазақстандықтар коронавирус бойынша халыққа кеңес беру үшін іске қосылған колл орталықтардың жұмысына наразылық білдіріп отыр.

 

Орталықтардың бірі Сыртқы істер министрлігіне, екіншісі Денсаулық сақтау ведомствосына тиесілі.

 

Шағым білдірушілердің айтуынша, белгіленген телефон номерлері нақты ақпарат бермейді. Мәселен, Жазира Дүйсембекова орталыққа хабарласып, толыққанды мәлімет ала алмаған. Ол өткен жексенбіде ғана Малайзиядан келген еді.

 

Жазира Дүйсембекова, турист:

 

- Олар маған «сізде ешқандай шектеу жоқ» деп жауап берді. Қалаған нәрсеңізбен айналыса аласыз. Жұмысқа да бара беруге болады деді. Бірақ мен күмәнданып, өзім тіркелген емханаға қоңырау соғып, Малайзиядан келгенімді айттым. Олар сіз карантиндесіз. Ешкіммен сөйлеспеңіз. 2 апта үйде болыңыз. Тіпті дүкенге бармаңыз деп кеңес берді.

 

Колл орталығына тілшілер де хабарласып көрді.

Жазира Дүйсембековаға қарағанда тілшілердің жолы болды. Оператор үй ішіндегілермен қарым-қатынасты шектеу қажеттігін ескертті. Оқшаулау мерзімі 14 күн болуы тиіс. Бірақ бақылау болмайды. Жағдайға әркім түсіністікпен, жауапкершілікпен қарау қажеттігін құлаққағыс етті.

 

Десе де, шетелден туыстарымыз келіп жатса, қайтпек керек деген сауалға әзер жауап берді.

 

24.kz

 




Көрілген: 372    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.03.2020, 11:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31