Денсаулық

Шетелден ұшып келген 34 адамнан коронавирус анықталды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Биылғы 6 &ndash 25 қазан аралығында халықаралық әуе рейстерімен Қазақстанға келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов фейсбукте мәлімдеді.

 

Ақпаратқа сәйкес, 25 қазан күні түнде елімізге 11 халықаралық авиарейс ұшып келген. Барлығы 1483 жолаушының 1228-інде коронавирусқа тапсырған анализдерінің анықтамалары болған, Қазақстанның 255 азаматында ондай анықтама болған жоқ.

 

11 авиарейс орындалды: - төртеуі Нұр-Сұлтан қаласына, барлығы 434 жолаушы, оның 350-інде анықтама &ndash бар, 84-інде &ndash жоқ; - алтауы Алматы қаласына, барлығы 939 жолаушы, оның 778-інде анықтама &ndash бар, 161-інде &ndash жоқ; - біреуі Шымкент қаласына, 110 жолаушы, 100-інде анықтама &ndash бар, 10-ында &ndash жоқ.

 

 «Анықтамасыз үшып келген Қазақстан азаматтары ПТР-анализ тапсыру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы карантиндік стационарларға жатқызылды.

Жолаушылар Түркия, БАӘ, Украина және Беларусьтен келген.

Биылғы 6 қазаннан бастап ПТР анықтамасыз келген халықаралық рейстердің 34 жолаушысы Қазақстанға коронавирус алып келді: Шымкент &ndash 2, Нұр-Сұлтан &ndash 4, Алматы &ndash 28», - деді С.Байғабылов.

 

 

24.kz




Көрілген: 300    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.10.2020, 16:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30