Денсаулық

Ширек ғасырдан кейін ерлер ұрпақ өрбіту қабілетінен айырылуы мүмкін...

  • https://www.med-portal.net/

    https://www.med-portal.net/

1973 жылдан бері ерлердің сперматозоид мөлшері осы уақытқа дейін 60%-ға дейін кеміп кеткен. Химикаттық ластану кесірінен. Егер бұл тенденция сақталатын болса, 2045 жылға қарай ұрпақ өрбіту қабілетінен айырылып қалу қатері жоғары.

 

Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Ерлер үшін, жалпы адамзат үшін аса маңызды әрі шетін деректі Шэнна Свон есімді репродуктивті эпидемиолог өзінің «Кері санау» деп аталатын кітабында келтірген.

 

Ғалымның жазуынша, бүгінде әлемнің кей аймағында 20 жастағы әйелдің бала көтеру қабілеті 35 жас кезіндегі әжелерінікіне қарағанда төмен.

 

Қазіргі ерлердің ұрығының жартысы жоқ атасының жас кезіндегі ұрығымен салыстырғанда.

 

Тағам орамынан бастап, опа-далап пен электроникаға дейін қолданылатын химикаттар, соның ішінде қоршаған ортада да, адам организімінде де ыдырап жоғалмайтын PFAS адамзаттың биологиялық өсіп-өнуіне нүкте қоюы мүмкін.

 

Яғни, «репродуктивті ақырзаман» ұғымының пайда болуына химикаттар себеп болып отыр.

 

Химикаттар сперматозоидтің саны мен сапасына ғана кері әсерін тигізіп қоймай, сонымен қатар, ер адамдардың жыныс мүшесін кішірейтеді. Бұл адамзат үшін төтенше жағдай.

 

 

 




Көрілген: 664    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 19:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30