Денсаулық

Шілде айынан бастап дәрі-дәрмек рецептсіз сатылмайды

  • © press-center.news

    © press-center.news

Заң күшіне енгеннен кейін аталған талапты орындамаған дәріханалар жапуаркешілікке тартылады. Бұл бастама үнемі дәрі қабылдайтын азаматтар үшін бірқатар қиындық туындатпақ.


Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.


Сұлтанның демікпе ауруына шалдыққанына біраз уақыт болған. «Тұмаудың соңы осылай асқынып кетті» - дейді. Дәрілерін тастамай алып жүретін болған. Қолданысқа енгізілгелі жатқан заңның шикі тұстары барын айтады.


СҰЛТАН ҚҰРМАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:


«Астма ауруымен ауырып жүрмін. Маған инголятор деген нәрсе керек болып тұрады. Мен көптеген аптекаларға барамын, маған сатпайды. Себебі ол рецептімен беріледі. Мен мысалы тұншығып қалуым мүмкін. Менде тек 2 минутым бар. Көбінесе инголятор себемін. Ауа жетпей қалады. Құлап қаламын. Әрі қарай қиын болады».


Мұндай өзгеріске дәріханалар қаншалықты дайын екенін білмек болып Сұлтанды ертіп біраз мекемені аралап қайттық. Қанша сұрағанымызбен бәр жерден бірдей жауап алдық:




- Рецептсіз болмай ма негізі?

- Ал сізге кімге бұл?

- Өзіме. Маған біліп алу керек еді.

- Только по рецепту беріледі.

- Только по рецепту?

- Иә. Дәрігердің рұқсаты немесе назначениесі болуы керек.


Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бұл мәселеге байланысты арнайы баспасөз жиынын өткізді. Мамандардың айтуына қарағанда дәрілерді рецептпен сату баяғыда енгізіліп қойған үрдіс екен.


ЛЮДМИЛА БЮРАБЕКОВА, ҚР ДСМ ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:


«Қазақстанда дәрігердің рецептісі бойынша дәрі-дәрмек сату Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа талабы емес. Бұл жүйе 15 жылдан бері қолданылып келеді. Дәрігердің рецептінсіз сатылатын препараттардың тізбесімен министрліктің интернет-ресурстарында танысуға болады. Рецепті жазып беру мен дәріханалардан препараттарды алу жолын жеңілдету үшін 2020 жылдан бастап министрліктің ақпараттық жүйелерінде жұмысты толық электрондық форматқа көшіру жоспарланып отыр».


Әлбетте жасалып жатқан жұмыстарды жоққа шығаруға келмейді. Бірақ оқыс жағдай тіркеліп, адамның өміріне қауіп төнетін болса қайтпек керек?


НҰРЛЫБЕК АСЫЛБЕКОВ, ҚР ДСМ ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


«Тура бір сондай жағдай болса мен ойлаймын сол дәріханада тұрған провизор немесе фармацевт көмектесе біледі деп. Ал біздің айтайын деп отырғанымыз дәріні шексіз пайдалану ол зиян».


Жағдайды түсінер, қол ұшын созар деп ауызша айтып қоя салуға болмас. Барлық жағдай заңда жазылып, реттеліп қою керек шығар? Заңгер Ернұр Таукешов нұсқаулықтар болуі тиіс екенін айтады.


ЕРНҰР ТАУКЕШЕВ, ЗАҢГЕР:


«Ауырып жатқан, жағдайы болмай жатқан адамның өзі емес ол кісінің өкілдері немесе көмектесемін деген, қол ұшын созамын деген азаматтар болса сол кісілер аптекаға барып аты-жөнін бәрін белгілеп қандай дәрілерді қандай сомаға сатып алғанын айтып. Сосын ауырған адам тәуір болған соң бұл дәрі-дәрмектер шынайы сол ауру адамға пайдаланылды деген керек болатын шығар».


Министрліктің дерегі бойынша елімізде 7 792 дәрі-дәрмек тіркелген екен. Оның ішінде 6 033 рецепт бойынша, ал 1 759 рецептсіз босатылады. Шілдеде күшіне енетін заң кез келген дәріні сатып алу үшін ақ халаттылардан рұқсат алу керек деп тұрған жоқ. Бірақ, 90 процент жағдайда рецепт қажет болады.


kaz.caravan.kz




Көрілген: 482    Пікірлер: 0

жұма, 14.06.2019, 18:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31