Швецияда кеміргіштерден коронавирустың жаңа түрі анықталды

06 маусым 2022, 17:02

Швецияда кеміргіштерден коронавирустың жаңа түрі анықталды, - деп хабарлайды Science Alert. 

Зерттеушілер швед кеміргіштерінен Grimsö вирусы деп аталатын коронавирустың жаңа түрін анықтады. Ғалымдар жаңа табылған вирустың адамдар үшін қауіпті не қауіпсіз екенін әлі білмейді.

"Әлі күнге дейін Grimsö вирусының денсаулыққа қандай қауіп төндіретінін білмейміз. Алайда бақылауларымызға және кеміргіштер арасында анықталған алдыңғы жағдайларға сүйеніп, жабайы кеміргіштер арасында таралған коронавирусты бақылауды жалғастыруға негіз бар", - деп түсіндірді Швециядағы Уппсала университетінің вирусологы Оке Лундквист.
 
Орман тышқандары - Еуропада ең көп тараған кеміргіштердің бірі. Олар қолайсыз ауа райынан қашып, ғимараттарды баспана ретінде пайдаланады. Бұл адамдарға жұқтыру қаупін арттырады.

kaz.tengrinews.kz